...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда 600-ге жуық автобус экологиялық тексеруден өтпеді

3 қаңтардан 30 маусымға дейін Алматыда автопарктердің экологиялық нормаларға сәйкестігіне қайта тексеру жүргізілді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алматының жалпы автобус паркі 2 525 автобусты құрайды. Мамандар экологиялық мониторингпен 1 407 көлікті қамтыды. Мониторинг қорытындысы бойынша 596 автобуста, оның ішінде 150 дизельді және 446 газ қозғалтқышты автобуста шығарынды газдардың уыттылығы мен түтінділігі нормадан асып кеткені анықталды.

«Eco Almaty» ЖШС тексерулер атмосфералық ауаны қорғау қағидаларын іске асыру аясында тұрақты негізде жүргізілетінін және қоғамдық көліктен ластаушы заттар шығарындыларын азайтуға бағытталғанын атап өтті.

Еске салайық, 2025 жылдың соңында Алматыда атмосфералық ауаны қорғау қағидалары қабылданды.

Бұған дейін Алматы әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев өткен жылы Алматыда 189 мың тонна ластаушы зат тіркелгенін хабарлады. Статистикаға сәйкес, автомобильдерден бөлінетін шығарындылар 112 мың тоннаны немесе Алматыдағы шығарындылардың 60%-ын құрайды.

Дереккөз: Inform.kz