Премьер-министрдің орынбасары – Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Алматы әкімі Дархан Сатыбалдымен бірге отандық кино тарихына арналған тақырыптық саябақ құру жобасымен танысты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Жұмыс сапары барысында билік өкілдері киностудияның ағымдағы жай-күйін, оның өндірістік мүмкіндіктері мен даму перспективаларын да бағалады.
Негізгі жобалардың бірі — «Қазақфильм» аумағын абаттандыру. Аумағы 5,5 гектар болатын учаскеде қазақстандық кино тарихы мен отандық киноиндустрияның көрнекті қайраткерлеріне арналған заманауи қоғамдық кеңістік құру жоспарлануда.
Тақырыптық саябақта келушілер ұлттық кинематограф тарихы, киностудия қызметі туралы көбірек біле алады және мұражай экспозицияларымен таныса алады.
Жаңа нысан «Қазақфильм» аумағының мәдени және туристік тартымдылығын арттырады деп күтілуде.
Бұған дейін «Қазақфильм» 3 млн теңгеге жуық айыппұл төлегені хабарланған болатын.
