2 шілдеде «Әділет» партиясы Алматы қалалық филиалының I конференциясы өтті. Конференция барысында партия мүшелері жаңа Конституция қағидаттарын белсенді іске асыруға шақырды. Конституциялық реформаның Әділетті Қазақстанды құрудың берік құқықтық негізі және заң үстемдігін нығайту ретіндегі тарихи маңызы атап өтілді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Сондай-ақ конференция күн тәртібіне сәйкес филиал басшысы, Саяси кеңес және Бақылау-тексеру комиссиясының мүшелері сайланды.
Алматы қалалық филиалының басшысы болып Станислав Владимирович Канкуров сайланды. Станислав Канкуров Алматы қаласы мәслихатының үш шақырылымының депутаты болып сайланған, көп жылдық қоғамдық-саяси қызмет тәжірибесі бар. Әр жылдары партияда басшылық лауазымдарды атқарған, сондай-ақ Алматы қаласы мәслихатының төрағасы болған. Ғылым докторы, мемлекеттік тілді жетік меңгерген.
Саяси кеңес құрамына шағын және орта бизнес, өнеркәсіп, білім және ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, бұқаралық ақпарат құралдары, экологиялық және заң қоғамдастығы, даму институттары, жастар және қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ қала экономикасы мен қоғамдық өмірінің әртүрлі салаларын ұсынатын өзге де салалардың өкілдері енді.
Дереккөз: Almaty.tv