Алматы полициясы тұрғын үй кешенінің аумағында балаға күш қолданған ер адамды ұстап, қамауға алды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Оқиға балалар алаңында болып, бейнекамераға түскен. Кадрларда ер адамның балаларға жақындап, бір ұл баланы итеріп жібергені көрінеді. Салдарынан бала дене жарақатын алған, — деп хабарлады Алматы полиция департаменті.
Анықталғандай, күдікті осы тұрғын үй кешенінің тұрғыны болып шықты. Полицияның алдын ала мәліметі бойынша, оның әрекетіне ойын кезінде балалар арасындағы жанжал себеп болған, содан кейін ер адам өз бетінше қарым-қатынасты анықтауды ұйғарған.
Дене жарақатын келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Полицияда балаларға қатысты кез келген заңсыз әрекеттерге, себептері мен жағдайларына қарамастан, қатаң құқықтық баға берілетінін атап өтті.
Дереккөз: Inform.kz