...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда Абай көшесінің бір бөлігі тәулікке жабылады: қай жерден өтуге болмайды

Алматыда Саин көшесінен Б. Момышұлы көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады. Шектеу 13 қыркүйек сағат 06:00-ден 14 қыркүйек сағат 06:00-ге дейін әрекет етеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қала әкімдігі тұрғындар мен қонақтарды маршрутты алдын ала жоспарлауға шақырды.

Сондай-ақ қозғалыс шектеулері туралы барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram-арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс карталар» сервистерінде жарияланғаны еске салынды.

Бұған дейін Алматы тұрғындары қаланың бір көшесіндегі маршруттық автобус қозғалысының өзгеретіні туралы ескертілген болатын.