Алматыда жастар комьюнити-орталығы «Жетісу-2» базасында жаңа кеңістік ашылды, ол қалдықтарды бөлек жинау, ағарту жобалары және эко-белсенділердің жұмысын біріктірді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Бұл нысан қаладағы жастарға арналған үшінші эко-хаб болып отыр. Жаңа кеңістік экологиялық бастамаларды дамытуға және жастарды табиғатты қорғау ісіне тартуға бағытталған.
