Алматыда Абай даңғылының Саин көшесінен Б.Момышұлы көшесіне дейінгі бөлігі 13-14 қыркүйек аралығында жабылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Көлік қозғалысына уақытша шектеу Абай даңғылының осы бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарына байланысты енгізіледі.
«13 қыркүйекте сағат 06:00-ден 14 қыркүйектегі сағат 06:00-ге дейін Саин көшесінен Б.Момышұлы көшесіне дейінгі аралықта автокөлік қозғалысы жабылады. Жұмыс мерзімі ауа райы жағдайы мен технологиялық процестерге байланысты түзетілуі мүмкін», — деп хабарлады ведомстводан.
Жөнделетін аумақта ескерту белгілері қойылады. Жүргізушілерге маршрутын алдын ала жоспарлау ұсынылады.
