...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда 600-ден астам кәсіпорын жылу мен су үшін қарыз

Алматыда заңды тұлғалардың жылумен жабдықтау және ыстық сумен қамту қызметтері бойынша берешегін өндіріп алу жұмысы күшейтілді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

«Алматы жылу желілері» ЖШС мәліметінше, жыл басынан бері дебиторлық берешекті өндіріп алу бөлімі қарыздар кәсіпорындарға қатысты 1274 материалды қарады. Оның 602-сі сот орындаушыларына мәжбүрлеп орындауға жіберілді. Қалған материалдар сот шешімдерінің заңды күшіне ену сатысында тұр.

Қарыздарға қатысты мәжбүрлеп орындау шараларының кешені қолданылады. Атап айтқанда, банктік шоттарға тыйым салынады, «Е-нотариат» жүйесі арқылы нотариаттық әрекеттерді жүргізу шектеледі, сондай-ақ мүлікке тыйым салынады. Сонымен қатар, берешек сомасы 40 АЕК-тен асатын 378 атқарушылық іс бойынша ҚР шегінен шығуға уақытша шектеу енгізілді.

Компанияда қабылданып жатқан шаралар нәтиже беріп жатқанын атап өтті. Атқарушылық іс жүргізіліп жатқан 602 кәсіпорынның 283-і берешегін толық өтеді.

АлТС мамандары мәжбүрлеу шаралары ұзақ уақыт бойы қызмет ақысын төлеуден жалтарған тұтынушыларға ғана қолданылатынын атап өтті. Материалдарды сот орындаушыларына бергенге дейін компания хабарландыру және түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қарызды ерікті түрде өтеу мүмкіндігін береді.

Компания тұтынушыларды қосымша шығындарға, шектеу шараларына және заңнамада көзделген басқа да салдарларға ұшырамау үшін берешекті төлеуді кешіктірмеуге шақырды.

Дереккөз: Inform.kz