...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда 6-12 шілде аралығында ауа райы қандай болады

Синоптиктер Алматыда 6-12 шілде аралығындағы ауа райы болжамын жариялады. Жаздың ортасы, демалыс маусымының қызған шағы, мектеп оқушыларының каникулы. Қалада нағыз жаз сезіледі, күндіз ыстық күн саябақ немесе сквер көлеңкесінде демалуды ұсынады, ал мүмкіндік болса, Алматы маңындағы табиғат аясында демалуға болады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Дүйсенбі, 6 шілде: аз бұлтты, күндіз +30, түнде +23. Сейсенбі, 7 шілде: айнымалы бұлттылық, күндіз +31, түнде +19. Сәрсенбі, 8 шілде: аз бұлтты, күндіз +29, түнде +19. Бейсенбі, 9 шілде: аз бұлтты, күндіз +30, түнде +19. Жұма, 10 шілде: аз бұлтты, күндіз +31, түнде +19. Сенбі, 11 шілде: ашық, күндіз +32, түнде +20. Жексенбі, 12 шілде: қысқа мерзімді жаңбыр, күндіз +31, түнде +20.

Дереккөз: world-weather.ru сайты.

Дереккөз: Almaty.tv