Алматыда отбасылық жанжал пышақтаумен аяқталды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап. Оқиға Бостандық ауданындағы сауда үйлерінің бірінің автотұрағында болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам мен оның болашақ әйелінің ағасы арасында жанжал туындап, ол төбелеске ұласқан.
Тергеушілердің болжамынша, жанжал кезінде қатысушылардың бірі қарсыласына пышақ жарақатын салған. Күдікті ізін суытпай ұсталды. Оның көлігінің салонынан полиция қызметкерлері қылмыс құралы деп табылған затты тауып, алып, қылмыстық іс материалдарына тіркеді.
Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды. Қазіргі уақытта тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Қажетті сот сараптамалары тағайындалды, олардың нәтижесі бойынша жанжалға қатысушылардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.
Дереккөз: Inalmaty.kz