Құрамында күшті әсер ететін заттар бар дәрілерді заңсыз сатумен айналысқан қылмыстық топтың ұйымдастырушысы 17 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Полицейлер есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымын тоқтату бойынша ірі арнайы операцияны өткен жылы Тараз бен Алматы қалаларында өткізген. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жедел қызметкерлер ұйымдасқан қылмыстық топты анықтаған, оның мүшелері препараттарды ерекше ірі мөлшерде сақтау мен сатуды жолға қойған. Бұл дәрілердің айналымы заңмен қатаң реттеледі, бірақ оларды есірткі тұтынушылар медициналық емес мақсатта пайдалана алады.
Санкцияланған тінтулер барысында дәріханалардан 364 ампула «Трамадол», 1869 құты «Тропикамид», 412 таблетка «Сомнол» және 72 таблетка «Димедрол» алынды. Сондай-ақ 17,16 грамм «Оксивин» заты табылды. Барлығы іске қатысты адамдардан 2,7 мыңнан астам ампула, құты және таблетка тәркіленді. Құқық қорғаушылардың айтуынша, бұл препараттар күшті әсер ететін заттарға жатады және оларды тиісті рұқсат құжаттарынсыз еркін сатуға тыйым салынған.
Есірткі және психотроптық заттарды ерекше ірі мөлшерде заңсыз сақтау және сату фактісі бойынша ҚР ҚК 297-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Істі қарау қорытындысы бойынша қылмыстық топтың ұйымдастырушысы 17 жылға бас бостандығынан айырылды.
Дереккөз: Inform.kz