...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда 5 млн теңгеге жалған монтаждық желім тәркіленді

Алматы қаласының Әділет департаменті Киберполициямен бірлесіп, бес миллион теңгеден астам сомаға тауар белгісін заңсыз пайдалану фактісін анықтады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Департамент Киберполиция бөлімшесімен бірге халықаралық құқық иеленушіге тиесілі тауар белгісін, сондай-ақ онымен шатастыру дәрежесіне дейін ұқсас белгілерді заңсыз пайдалану фактісі бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Тексеру барысында заңсыз айналымнан халықаралық құқық иеленушінің тауар белгісімен шатастыру дәрежесіне дейін ұқсас белгіленген 52 мыңнан астам дана монтаждық желім алынды. Тәркіленген өнімнің жалпы құны бес миллион теңгеден асады.

Тексеру қорытындысы бойынша уәкілетті лауазымды тұлғалар әкімшілік құқық бұзушылық туралы тиісті хаттамалар жасады. Іс материалдары мәні бойынша қарау және процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі.

Бұған дейін Шымкентте Toyota және Lexus брендтерімен 600-ден астам канистр жалған май тәркіленгені хабарланған болатын.

Дереккөз: Inform.kz