...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Шымкентте +39°C, Астана мен Алматыда найзағай: 7-9 шілдеге ауа райы болжамы

Қазақстанның үш ірі қаласы бойынша болжамға сәйкес, Шымкентте жауын-шашын күтілмейді. Ал Алматы мен Астанада аптап ыстыққа қарамастан қысқа мерзімді жаңбыр жаууы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Бұған дейін «Қазгидромет» синоптиктері 6 шілдеде Астанада және Қазақстанның барлық он жеті облысында қауіпті ауа райы құбылыстары туралы ескерткен болатын.

Астана

7 шілде: айнымалы бұлттылық, күндіз жаңбыр, найзағай. Жел – секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде +17+19°С, күндіз +30+32°С.

8 шілде: айнымалы бұлттылық, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Күндіз жел секундына 14 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +16+18°С, күндіз +32+34°С.

9 шілде: айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел – секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде +16+18°С, күндіз қатты ыстық +33+35°С.

Алматы

7 шілде: айнымалы бұлттылық, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Күндіз желдің екпіні секундына 13 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +19+21°С, күндіз +30+32°С.

8 шілде: айнымалы бұлттылық, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +31+33°С.

9 шілде: айнымалы бұлттылық, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Әлсіз жел мүмкін. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +32+34°С.

Шымкент

7 шілде: айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел – секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде +17+19°С, күндіз +35+37°С.

8 шілде: айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +19+21°С, күндіз +37+39°С.

9 шілде: айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні секундына 13 метрге дейін көтеріледі. Ауа температурасы түнде +21+23°С, күндіз +37+39°С.

Дереккөз: Zakon.kz