...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда әлеуметтік нан бағасы бекітілді: бір бөлке 130 теңге

Алматыда әлеуметтік нанның бағасы реттелді. Бір бөлкенің өткізу құны 130 теңгені құрайды, ал үстеме баға 15 пайыздан аспайды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, «Алматы» ӘКК «Алматынан» нан-тоқаш комбинатымен әлеуметтік қалыпты нан өндіру және өткізу туралы қарыз шартын жасасқан. Келісім аясында жалпы көлемі 3 846 154 бөлке бірінші сұрыпты ұннан жасалған бидай нанын өткізу көзделген.

Өткізу бағасы бір бөлкеге 130 теңге, ал шекті сауда үстемесі 15 пайыздан аспайды. Сауда желілері мен дүкендер нанды қосымша үстемесіз өткізе алады. Әлеуметтік нан бағасын тұрақтандыру 2027 жылдың мамырына дейін қамтамасыз етілген. Өнім ірі сауда желілері мен үй маңындағы дүкендерде сатылады.

«Оңтүстік астанада тауық еті, жұмыртқа және қант бағасын ұстап тұру шаралары да қолданылуда. «Сары-Бұлақ» құс фабрикасынан бірінші санатты 86,4 млн жұмыртқа данасы 59 теңгеден артық емес бағамен жеткізіледі. «Алатау-Құс» фирмалық дүкендерінде сан және жамбас еті 1 100 теңгеден, ал сирақ 1 650 теңгеден сатылады. Сонымен қатар, Nauryz Agro KZ компаниясымен жамбас және сан етінің бағасы 1 300 теңгеге тұрақтандырылды. «Алматы» ӘКК жергілікті өндірушілерден 4 500 тонна қант-құм сатып алды, ол сауда желілері арқылы 10 пайыздан аспайтын үстемемен өткізіледі. Өткізу бағасы 405 теңге, сауда үстемесі 10 пайыздан аспайды. Қант бағасын тұрақтандыру 2026 жылдың қарашасына дейін жалғасады», — делінген әкімдік хабарламасында.

Дереккөз: Nur.kz