Алматыда №58 автобус бағытына өзгеріс енгізілді. Бұл Жетісу ауданында сумен жабдықтау және су бұру желілерін тарту жобасы аясындағы құрылыс жұмыстарына байланысты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Ратушный көшесіндегі жұмыстарға байланысты 2026 жылғы 20 маусымнан бастап жұмыстар аяқталғанға дейін автобус өзгертілген схема бойынша жүреді.
Қоғамдық көлік енді келесі бағытта қозғалады:
- солтүстік бағытта: Рысқұлов даңғылы – Бөкейханов көшесі – Серіков көшесі – әрі қарай схема бойынша;
- кері бағытта: Бөкейханов көшесі – бұрылыс – Рысқұлов даңғылы – әрі қарай схема бойынша.
Бұған дейін Алматының ең көп жүктелген көшелерінің бірінде автобустарға арналған бөлек жолақ пайда болатыны хабарланған болатын.
Дереккөз: Zakon.kz