...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Lada Largus аударылып, Chevrolet Cobalt соқтығысты: зардап шеккен әйел ауруханаға жатқызылды

Алматыдағы Ақбұлақ шағын ауданында Сүхэ-Батор мен Рустемов көшелерінің қиылысында Chevrolet Cobalt пен Lada Largus соқтығысып, Largus бүйіріне аударылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Chevrolet Cobalt жүргізушісінің айтуынша, ол Рустемов көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, «Жол бер» белгісін көріп, қиылысқа шыға бастаған. Сол кезде Сүхэ-Батор көшесімен шығыс бағытта жоғары жылдамдықпен Lada Largus келе жатқан. Жүргізуші Largus-ты көрмегенін, оның өте жылдам жақындағанын айтады.

Соқтығыстан кейін Largus бүйіріне аударылып, Cobalt-ты Сүхэ-Батор көшесімен шығысқа қарай сүйреген. Жол апатынан Cobalt-та отырған әйел жолаушы зардап шегіп, ауруханаға жатқызылды. Қалған қатысушыларға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді.

Оқиға орнында жол полициясы қызметкерлері жұмыс істеп, апаттың мән-жайын анықтауда. Cobalt жүргізушісі бұл қиылыста жиі апат болатынын айтып, «жататын полицейлердің» жоқтығына наразылық білдірді. Оның пікірінше, оларды орнату қажет.

Алматы полициясы ДТП-ның Алатау ауданында сағат 15:20-да болғанын растады.

Дереккөз: Zakon.kz