1 шілдеде Алматыда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдауды қолдау мақсатында патриоттық флешмоб өтті. КБТУ алдындағы алаңда жүздеген жас Қазақстанның Мемлекеттік туын керіп, бірлік, азаматтық жауапкершілік пен өз еліне деген сүйіспеншілікті көрсетті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі мегаполистің РСК-ға сілтеме жасап.
Акцияға қатысушылардың айтуынша, бүгінгі күн Қазақстан үшін тарихи маңызға ие. Жаңа Конституцияның қабылдануы мемлекет дамуының жаңа кезеңін ашады, әділдік, заңдылық және құқық үстемдігі қағидаттарын нығайтады, сондай-ақ елдің одан әрі дамуына берік негіз қалайды.
«Біз үшін осы тарихи оқиғаның бір бөлігі болу маңызды. Жаңа Конституция – бұл мемлекеттің негізгі заңы ғана емес, сонымен қатар күшті, әділ және гүлденген Қазақстанға деген ортақ ұмтылысымыздың символы», – деп атап өтті белсенділер.
Флешмоб жастардың азаматтық ұстанымының айқын көрінісі болды, олар елдің болашағын халықтың бірлігімен, заңға құрметпен және Қазақстанның дамуына белсенді қатысумен байланыстырады.
Дереккөз: Almaty.tv