«Қазгидромет» РМК дауылды ескертуіне сәйкес, 2026 жылғы 1 шілдеде Алматы таулы аудандарында қатты жауын-шашын күтіледі: Кіші Алматы өзенінің алабында сел ағындарының пайда болу қаупі сақталады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Сел қаупі бар аймақта жүргендерге қауіпсіздік шараларын сақтау ұсынылады:
- таудағы жағдай туралы ресми хабарламаларды қадағалау;
- сел жүру қаупі туындаған кезде дереу жердің биік учаскелеріне көтерілу;
- шатырлы лагерьлерді құрмау және өзен арналарында, сел логтарының жанында, сондай-ақ бөгеттерде және олардың астында демалуға тоқтамау;
- тау өзендерінің жоғарғы ағысында қатты нөсер кезінде дереу арна мен қауіпті аумақты тастап кету.
Сондай-ақ Қазақстан синоптиктері 1 шілдеге дауылды ескерту жариялаған болатын.
Дереккөз: Zakon.kz