...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

«Алматы-1» вокзалының қайта жаңғыртуы 1 қыркүйекке дейін аяқталады

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды «Алматы-1» теміржол вокзалын қайта жаңғырту барысымен танысты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Бүгінгі таңда жоба 43%-ға орындалған. Инженерлік желілерді тарту жұмыстары кесте бойынша жүріп жатыр. Ғимараттың жоғарғы қабатындағы және жертөле бөлігіндегі техникалық бөлмелерді әрлеу басталды. Мердігерлердің хабарлауынша, вокзал 1 қыркүйекте ашылады. Қала басшысы барлық жұмысты белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Сонымен қатар, Дархан Сатыбалды Райымбек батыр даңғылын Жетісу көшесінен Шығыс айналма автомобиль жолына дейін тесу жобасының іске асу барысын тексерді. Қазіргі уақытта учаскеде сатып алынған ғимараттар бұзылып, аумақ кешенді тазартылып, инженерлік желілер көшірілуде.

Дереккөз: Almaty.tv