...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматы тауларында жоғалған екі ер адам табылды

Алматы тауларында «Терра» алаңында жоғалып кеткен екі ер адамды құтқарушылар тауып алды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

NUR.KZ порталының мәліметінше, Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап, ер адамдар Үлкен Алматы шыңынан «Терра» алаңына қарай түсіп келе жатқанда жоғалып кеткен.

Жоғалғандар туралы ақпаратты олардың досы хабарлаған. Олармен байланыс болмаған.

Іздеу жұмыстары барысында «Терра» алаңындағы үйшіктен құтқарушылар екі ер адамды тапты.

Олардың жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмек қажет болмаған.

Кейін «Барыс» республикалық жедел құтқару қызметінің құтқарушылары ер адамдарды Проходное шатқалы арқылы қауіпсіз жерге алып шықты.