...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматы тауларында қытайлық турист аяғын жарақаттап алды

Алматы тауларында серуендеп жүрген Қытай азаматы аяғын жарақаттап, құтқарушылардың көмегіне жүгінді. Құтқарушылар ер адамды төмен түсіріп, дәрігерлерге тапсырды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қытай азаматы екі қызбен бірге Үлкен Алматы шатқалының аумағында болған. Серуен кезінде турист аяғын жарақаттап, өз бетінше жүре алмай қалған.

«Оқиға орнына ҚСП «БАУ» құтқару тобы жіберілді. Барлау барысында құтқарушылар топтың беткейдегі орнын анықтады», — деп хабарлады ведомстводан.

Зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, кейін оны носилкамен беткейден төмен, жедел медициналық көмек көлігіне дейін жеткізген.

Осыған ұқсас тағы бір оқиға Алматы тауларында кеше кешке болған.

Медеу ауданында, «Энтузиастар» алаңында, теңіз деңгейінен 3053 метр биіктікте Алматы қаласының мониторинг және жедел ден қою орталығының құтқарушылары ҚР ТЖМ «Барыс» РҚҚ-мен бірлесіп, 1972 жылы туған әйелге көмек көрсеткен.

Турист әйел де төмен түсу кезінде аяғын жарақаттап алған.

Құтқарушылар әйелді төменге шығарып, апат медицинасы орталығының бригадасына тапсырды.