Алматы түбінде жүк көлігі қозғалыс кезінде өртеніп, жанған жүгі жолға төгілді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Видеода көтерілген кузовы лапылдап жанған көлік жол бойымен баяу жүріп бара жатқаны, одан жанған жүк асфальтқа құлап жатқаны көрінеді. Оқиға орнына өрт сөндірушілер келіп, өртті сөндірді.
Өртенген жүк шөп болып шықты.
Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
20 қыркүйекте Астанада Бауыржан Момышұлы даңғылындағы салынып жатқан үш қабатты ғимаратта өрт шықты. Ғимараттың шатыры 280 шаршы метр аумақта өртенді.
Барлық жаңалықтар
Оқиғалар жаңалықтары
