...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыдағы кезекші ХҚКО мен арнайы ХҚКО мекенжайлары белгілі болды

Шілде айынан бастап Алматыда екі кезекші халыққа қызмет көрсету орталығы және екі кезекші мамандандырылған ХҚКО жұмыс істейді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының мәліметінше, кезекші мәртебесін Медеу ауданындағы Марков көшесі, 44 мекенжайындағы ХҚКО мен Жетісу ауданындағы Серіков көшесі, 6А мекенжайындағы ХҚКО алды. Олар келушілерді жұмыс күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, ал сенбі күндері сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды.

Сондай-ақ кезекші режимде Аққайнар көшесі, 1 және Ақсуат көшесі, 118 мекенжайларындағы мамандандырылған ХҚКО жұмысын жалғастырады. Олар жұмыс күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін үзіліссіз ашық. Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге өтініштер сағат 18:00-ге дейін қабылданады. Сенбі күні құжаттарды сағат 9:00-ден 12:00-ге дейін қабылдап, дайын құжаттарды сағат 13:00-ге дейін береді.

Қалған ХҚКО мен арнайы ХҚКО Алматыда стандартты кесте бойынша дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Сенбі олар үшін демалыс күні болып табылады.

Дереккөз: Inalmaty.kz