
Алматы тауында құтқарушылар 2009 жылы туған жасөспірімді эвакуациялады. Ол өзін нашар сезініп, тау ауруының белгілеріне байланысты өз бетімен түсе алмаған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға Бостандық ауданындағы ғарыш станциясы маңында теңіз деңгейінен 2500 метрден астам биіктікте болған. Жорық кезінде жасөспірімнің жағдайы күрт нашарлап, маршрутты жалғастыра алмай қалған.
Оқиға орнына Алматы қалалық ТЖД құтқару қызметінің қызметкерлері жедел жетті. Зардап шеккенмен байланыс бүкіл операция барысында сақталып, оның нақты координаттары геолокация көмегімен анықталды.
Құтқарушылар жасөспірімді «Алма-Арасан» экопостіне дейін эвакуациялады. Түскеннен кейін оның жағдайы тұрақталып, тау ауруының белгілері басылды. Ол медициналық көмекті қажет етпей, үйіне өз бетімен кетті.
Дереккөз: Inalmaty.kz