...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматы тауында тағы бір туристің жағдайы нашарлап, құтқарушылар көмекке келді

Бостандық ауданында тауға серуендеу кезінде 1963 жылы туған ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқарушыларға жүгінді. Ол 2 600 метр биіктікте, «Қыз көз жасы» сарқырамасының үстіндегі Терра алаңы маңында болған және өздігінен түсе алмаған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары, БАҚ КҚП қызметкерлері, Апаттар медицинасы орталығы мен жедел жәрдем бригадасы жіберілді.

Құтқарушылар ер адамды жедел тауып, қажетті көмек көрсетіп, қауіпсіз түсіруді ұйымдастырды. Эвакуациядан кейін зардап шеккен адамды тексеру үшін жедел жәрдем бригадасына тапсырды, — деп мәлімдеді ведомство.

ТЖМ қазақстандықтарға тауға шығар алдында денсаулық жағдайын, ауа райын ескеріп, жақындарына жүру бағытын хабарлауды ұсынады. Бұған дейін Алматы тауында 2009 жылы туған жігітке 2 500 метрден астам биіктікте көмек қажет болған еді, ол тау ауруының белгілерін көрсеткен.

Дереккөз: Nur.kz