
17 мамыр 2026 жылы Бостандық ауданындағы «Қыз көз жасы» сарқырамасынан жоғары орналасқан Терра алаңында 1963 жылы туған ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқарушылардың көмегіне жүгінгені хабарланды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары, Үлкен Алматы шатқалындағы бақылау-құтқару бекетінің (ҮАШ БҚБ) қызметкерлері, Апаттар медицинасы орталығы және жедел жәрдем бригадасы дереу жіберілді.
ТЖМ тауға шығар алдында денсаулық жағдайын, ауа райын ескеруге және жақындарына жүру бағыты туралы міндетті түрде хабарлауды ескертеді.
Мамыр айының басында Алматы тауларында жасөспірім жартастан құлап, жарақат алған болатын.
Дереккөз: Zakon.kz