Алматыда еркін күрестен Almaty Open Seniors турнирінің екінші туры аяқталды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Жарысқа Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен 13 команда құрамында 83 спортшы қатысты. Қызу тартысқа толы белдесулердің қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Алматы құрамасы иеленді. Екінші орынды Алматы облысының балуандары жеңіп алса, үздік үштікті Жетісу облысының командасы түйіндеді.
Турнир алты олимпиадалық салмақ дәрежесінде өтті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер лиганың жалпы есебінде маңызды рейтингтік ұпайлар жинап, келесі кезең алдында өз позицияларын нығайтты, сондай-ақ ақшалай сыйлықтар алды.
Турнирдің негізін қалаушы Ерлан Малаевтың айтуынша, жоба еркін күресті дамытуға және спортшылар үшін тұрақты жарыс алаңын құруға бағытталған. «Екінші тур жарыс деңгейінің айтарлықтай өскенін көрсетті. Қатысушылардың географиясы кеңейіп, спортшылар саны артып келеді. Ең бастысы — біз балуандардың бұл жобаға деген жоғары қызығушылығын көріп отырмыз. Біздің міндетіміз — олардың спортпен шұғылдануын жалғастыруына, өз үлгісімен жастарды шабыттандыруына және бізбен бірге еркін күресті насихаттауына жағдай жасау. Алда тағы бірнеше кезең бар, және финалдық жарыстар одан да тартымды әрі бәсекеге қабілетті болатынына сенімдімін», — деді Ерлан Малаев.
Бұған дейін Ернұр Фидахметовтің Венгрияда өткен халықаралық күрес турнирінде күміс жүлдегер атанғаны хабарланған болатын.
Дереккөз: Inform.kz