...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматы қуыршақ театры Қазанда өткен халықаралық фестивальде Гран-при жеңіп алды

Алматы қаласының Мемлекеттік академиялық қуыршақ театры 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында халықаралық театр фестивальдерінде Қазақстанды табысты таныстырды. Бұл туралы қалалық Мәдениет басқармасы хабарлады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Ең басты жетістік – Қазанда өткен «Шомбай-fest – 2026» халықаралық қуыршақ театрлары фестивалінде Гран-при жеңіп алу. Жоғары награданы «Ортеке» спектаклі алды.

Сонымен қатар, театр Румыниядағы Халықаралық Шекспир фестивалінде өнер көрсетіп, 2027 жылы тағы бір беделді театр форумына қатысуға шақырту алды. Сондай-ақ «BIKEN FEST» фестиваліне қатысып, 2027 жылы ТЮРКСОЙ ұйымдастыратын фестивальге қатысуға шақырту алды.

Дереккөз: Almaty.tv