
Бүгін, 2026 жылғы 6 мамырда, Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі түнгі рейд қорытындысымен бөлісті. Тексеріс барысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта компьютер клубтарда болу фактілері анықталды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Анықталған деректер бойынша мекеме иелеріне қатысты кәмелетке толмағандарды түнгі уақытта жібергені үшін материалдар жиналды. Сонымен қатар, ата-аналар мен заңды өкілдер бала тәрбиесі мен бақылау жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапқа тартылды.
Рейд қорытындысы бойынша барлығы 38 адам жауапқа тартылды:
- 4 – кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде болуы;
- 34 – жасөспірімдердің ересектерсіз түнгі уақытта үйден тыс жерде жүруі.
Алматы қалалық полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ногайбаевтың айтуынша, мұндай іс-шаралар ең алдымен профилактикалық сипатқа ие.
Дереккөз: Zakon.kz