
Сеулден Цюрихке бет алған швейцариялық SWISS әуекомпаниясының ұшағы Алматыға авариялық қонды. Оқиға бүгін, 2026 жылғы 6 мамырда сағат 15:06-да тіркелді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қазақстан Көлік прокуратурасының мәліметінше, LX123 рейсінің экипажы ұшу кезінде авариялық сигнал берген. Ұшақ Алматыға сәтті қонды. Прокуратурадағылардың айтуынша, авариялық қонудың себебі — ұшқыштың денсаулығының нашарлауы.
«Ұшқыштың денсаулығына қатысты мәселелер бойынша Азаматтық авиация комитетіне жүгінуді ұсынамыз, өйткені бұл ақпарат олардың құзырында», — деді Көлік прокуратурасының өкілдері.
Азаматтық авиация комитеті мен Көлік министрлігі әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.
Дереккөз: Nur.kz