
Алматыдағы жеке тұрғын үйде өрт шығып, зардап шеккен адам бар. Құтқарушылар үй ішіндегі ер адамға алғашқы көмек көрсетіп, ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт Алатау ауданы Бөкеев көшесіндегі жеке тұрғын үйде болған. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар түтінге толы үйден 1966 жылы туған ер адамды алып шыққан.
ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жүрек-өкпе реанимациясын жүргізді. Зардап шеккен адамның жағдайы тұрақтанды, ол ауруханаға жатқызылды, — деп хабарлады ведомство.
Үй ішіндегі заттар мен жиһаздың жануы 5 шаршы метр аумақта сөндірілген.
Дереккөз: Nur.kz