Алматы облысы Боралдай кентінде мопедист толық жылдамдықпен жүріп бара жатып, жаяу жүргіншілер өткелінен кесіп өткен зейнеткер әйелді қағып кетті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Жаңалықтар пабликі egovpress Instagram-да Алматы облысы Боралдай кентіндегі жаяу жүргіншілер өткелінде болған жол-көлік оқиғасының видео-жазбасын жариялады.
«Боралдай кентінде мопедист жоғары жылдамдықпен жаяу жүргіншілер өткелінде кәрі әйелді қағып кетті. Жол-көлік оқиғасынан кейін ол өз заттарын жинап, оқиға орнынан жасырынғаны хабарланады», — делінген хабарламада.
Алматы облысы полиция департаменті бұл жарияланымға жауап берді.
«Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасы орнынан жасырынған мопед жүргізушісін анықтап, жауапкершілікке тартты. Ол жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші мен мопедтің жолаушысы дене жарақаттарын алып, ауруханаға жеткізілді. Жедел-іздестіру іс-шаралары кешенінен кейін жүргізушінің жеке басы жедел анықталды. Жүргізуші жол қозғалысы ережелерін бұзғаны және жол-көлік оқиғасы орнын тастап кеткені үшін жауапкершілікке тартылды», — делінген департамент хабарламасында.
Дереккөз: Nur.kz