Алматы облысы Боралдай кентінде мопедист толық жылдамдықпен зейнеткер әйелді қағып, оқиға орнынан қашып кетті. Полиция жүргізушіні анықтап, жауапкершілікке тартты.
Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова Боралдайдағы жаппай уланудан кейін Алматыдағы суши мейрамханаларында тексеріс жүргізу мәселесі әзірге қарастырылмайтынын айтты.
Боралдай кентінің көшелері кәріз суына батып, тұрғындар терезе аша алмай отыр. Сасық сұйықтық бесқабатты үйлердің ауласына төгілген. Әкімдік қосымша резервуар орнатуға 15 млн теңге бөледі.
Алматы облысындағы Боралдай кентінде кәріз сулары көпқабатты үйлердің аулалары мен көшелерін басып қалды. Тұрғындар өткір иіс, шыбын-шіркейдің көбеюіне шағымданып, балалардың денсаулығына алаңдаулы.