Алматы полицейлері екі «боди-салонға» барып тексеру жүргізді, онда массаж жасаған әйелдердің біліктілігі жоқ болып шықты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, бірінші мекенжай — Чайковский көшесіндегі тұрғын үй. Екіншісі — Төреқұлов көшесіндегі көппәтерлі үй.
Полиция бұл қызмет түріне ғимарат берген үй иелеріне де қатысты шара қолданады. Олардың әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, заңда көзделген шаралар қабылданады.
Осы ауданда қазан айының басында жезөкшелікпен айналысуға арналған орын анықталған, онда да екі әйел жұмыс істеген.
