...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматы облысында мопедист зейнеткерді қағып кетіп, оқиға орнынан қашты

Алматы облысында мопедист жаяу жүргіншіні қағып кетіп, оқиға орнынан бой тасалады. Куәгерлердің айтуынша, жас жігіт апаттан кейін заттарын жинап алып, тыныштықпен кетіп қалған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның кейбір мәліметтерін жариялады. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші мен мопедтің жолаушысы жарақат алған. Екі зардап шегуші де медициналық мекемеге жеткізілген.

Құқық бұзушыға қатысты Жол қозғалысы ережелерін бұзу және жол-көлік оқиғасы орнын тастап кету фактілері бойынша әкімшілік материалдар жасалған.

2025 жылдан бастап Қазақстанда мопедтер механикалық көлік құралдарына теңестірілген. Жүргізушілер жүргізуші куәлігіне («А1», «А» немесе «В» санаттары), техпаспорт пен нөмірлік белгіге ие болуы, сондай-ақ Арнайы ЦОН-да тіркелуі тиіс. Тіркеусіз және сақтандырусыз жүру айыппұлмен жазаланады.

Бұған дейін Алматы облысында әйел аяғынан айырылған ЖКО жағдайлары тергеліп жатқаны хабарланған. Жеке үйдің ауласына көлік кіріп, онда отбасы туған күнді атап өтіп жатқан. Ең ауыр жарақатты мерейтой иесі алған.

Дереккөз: Zakon.kz