Алматының Сайын көшесінде электровелосипедші қозғалыс кезінде каскасын түсіріп алып, оны көтеру үшін тоқтаған соң көлік ағынында тізбектей апат туды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Желіде тараған бейнежазбада көрінгендей, велосипедші тоқтаған соң артындағы көліктер де бірінен соң бірі тоқтай бастаған. Осы сәтте су тасушы көлігінің жүргізушісі тежеуге үлгермей қалады.
Соқтығысудан қашуға тырысқан ол бүйірге бұрылып, металл қоршауға соғылды. Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты мәлімет таратты.
«Жазбада көрініп тұрғандай: электровелосипед жүргізушісі қозғалыс кезінде каскасын түсіріп алып, оны көтеру үшін тоқтайды. Артынан көлік ағыны да тоқтайды. Осы сәтте су тасушы көлігінің жүргізушісі тежеуге үлгермейді. Соқтығысудан қашуға тырысып, ол бүйірге кетіп, металл қоршауға соғылады. Бақытымызға орай, ешкім зардап шекпеді», — делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
«Бұл оқиға тағы да еске салады: жолда жағдай санаулы секундта өзгеруі мүмкін — сондықтан қашықтықты сақтап, алдағы күтпеген маневрге дайын болу маңызды», — деп қосты Алматы полиция департаментінде.
