...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматы мен тағы бес қалада ауа ластанады: 13 мамырға арналған ескерту

13 мамырда Қазақстанның алты қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) күтіледі. Тұрғындарға жоспарлау кезінде ауа райы факторларын ескеру ұсынылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің мәліметінше, 13 мамырда ҚМЖ Жезқазған, Балқаш, Ақтөбе, Алматы, түнде Қарағанды және Теміртау қалаларында болжанады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — бұл атмосфераның жер бетіне жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) үйлесімі.

ҚМЖ кезінде елді мекендерде атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін, бұл адам денсаулығына әсер етеді.

Ластану деңгейін анықтайтын маңызды факторлардың бірі — синоптикалық жағдайдың болжамы (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде ұсынылады:

  • өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулары бар адамдарға ашық ауада жүргенде қажетті дәрі-дәрмектерді өзімен бірге алып жүру;
  • ашық ауада дене жүктемесін шектеу. Дене шынықтыру және спортпен жабық спорт кешендерінде айналысу.

Еске сала кетейік, 13 мамырға Қазақстанның 16 өңірі мен Астанада дауылды ескерту жарияланды.

Автор: Жанар Әлжанова

Дереккөз: Inform.kz