...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда Бекмаханова көшесінің бір бөлігі түнде жабылады

Алматының Түрксіб ауданында 15 мамырға қараған түні Бекмаханова көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Бұл асфальт-бетон жабынын қалпына келтіруге байланысты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

«Алматы жылу желілері» ЖШС мәліметінше, көлік қозғалысы екі бағытта да толығымен жабылады: 14 мамыр сағат 23:00-ден 15 мамыр 2026 жылы сағат 6:00-ге дейін. Шектеу Бекмаханова көшесінің Лавренева көшесінен Qazaq Energy Charge жанармай құю бекетіне бұрылысқа дейінгі учаскесін қамтиды.

«Алматы жылу желілері» ЖШС түсіндіргендей, уақытша жабу асфальттың шөгуінің салдарын жою және жол жабынын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін қажет. Қала тұрғындары мен қонақтарына айналма жолдарды алдын ала жоспарлап, уақытша қолайсыздықтарды түсіністікпен қабылдау сұралды.

Дереккөз: Inalmaty.kz