FlyArystan әуекомпаниясы 2026 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Алматы — Павлодар — Алматы бағыты бойынша рейстерді қайта жалғастыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Рейстер күн сайын орындалады, бұл жолаушыларға Алматы мен Павлодар арасында ыңғайлы және тұрақты әуе қатынасын қамтамасыз етеді.
Билеттер әуекомпанияның ресми сайтында, мобильді қосымшасында, сондай-ақ туристік агенттіктер арқылы қолжетімді.
Бұған дейін Қазақстанда Қытайға жаңа аймақтық әуе рейстері ашылатыны хабарланған болатын.
Дереккөз: Inform.kz
