Синоптиктер Қазақстанға Ираннан +41°C-қа дейін жететін жаңа ыстық толқын келетінін ескерткен еді. 8, 9 және 10 тамыз 2026 жылы ауа райы қандай болатынын Almaty.news ақпарат агенттігі хабарлайды.
Астанада 8 тамызда ауа температурасы түнде +11+13°C, күндіз +27+29°C болады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы 3-8 м/с. 9 тамызда түнде +13+15°C, күндіз +31+33°C, жел оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с. 10 тамызда түнде +17+19°C, күндіз қатты ыстық +34+36°C, жел шығыстан 5-10 м/с.
Алматыда 8 тамызда түнде +19+21°C, күндіз +32+34°C, жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с. 9-10 тамызда түнде +20+22°C, күндіз қатты ыстық +33+35°C, жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с.
Шымкентте 8 тамызда түнде +22+24°C, күндіз +36+38°C, жел солтүстік-шығыстан 8-13 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. 9 тамызда түнде +22+24°C, күндіз +38+40°C, жел солтүстік-шығыстан 8-13 м/с. 10 тамызда түнде +23+25°C, күндіз +38+40°C, жел солтүстік-шығыстан 8-13 м/с.
Дереккөз: Zakon.kz
