Бас прокуратура 2026 жылғы 7 тамызда тергеу деректеріне сілтеме жасап, 37 компанияның ішінде тек екі аффилиирленген кәсіпорын — «Metlink» және «Urban Green» бойынша ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері мемлекетке 2,7 млрд теңгеден астам шығын келтіргенін хабарлады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
7 тамызда тергеу соты аталған тұлғаларға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.
3 тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті ел шекарасы арқылы өткізілген контрабанданың шамамен 4 млрд теңгеге жолын кескенін мәлімдеді.
Дереккөз: Zakon.kz
