...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Қаржы

Алматы мен облысында электр қуаты тарифі 20 тамыздан көтерілуі мүмкін

Алматы және Алматы облысында электр энергиясына тариф 20 тамыздан бастап көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, компанияның «Энергосбыт» филиалы Алматы қаласы бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаментіне келісуге жоба жіберген. Жобада Алматы қаласы мен Алматы облысы тұтынушылары үшін электр энергиясының шекті бағасын 2026 жылғы 20 тамыздан бастап көтеру қарастырылған.

Мұндай шешімнің себебі – 15 шілдеден бастап ұйым үшін электр энергиясын сатып алу бағасының 13 теңге/кВтсағ-тан 16 теңге/кВтсағ-қа, яғни 23%-ға өсуі.

2026 жылға арналған электр энергиясының шекті бағасын 20 тамыздан бастап көтеру жобасы ҚҚС-сыз 39,36 теңге/кВтсағ құрайды.

«Бұл шекті тариф деңгейінің жобасы түпкілікті емес. Келісілген шекті тариф деңгейі ҚР ЭМ ТМРК Алматы қаласы бойынша департаменті сараптама жүргізгеннен кейін жарияланады», – деп атап өтті АҚ өкілдері.

Дереккөз: Nur.kz