Алматының Жетісу ауданында 23 шілдеден бастап 2-ші Гончарная көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Себебі — шамамен 340 метр жылу магистралін қайта жаңғырту, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
«Алматы жылу желілері» ЖШС мәліметінше, жұмыстарға байланысты 2026 жылғы 23 шілдеден бастап 2-ші Гончарная көшесіндегі Қалалық фтизиопульмонология орталығынан Райымбек даңғылындағы №223е/4 үйге дейінгі учаскеде көлік қозғалысы шектеледі.
Шектеулер жолдың астынан өтетін құбыр учаскесін қауіпсіз қайта жаңғырту үшін қажет.
Компанияда жұмыстар жүргізілгеніне қарамастан, тұтынушыларға ыстық сумен жабдықтау толық көлемде сақталатынын атап өтті.
Тұрғындар мен жүргізушілерді маршруттарын алдын ала жоспарлап, уақытша қолайсыздықтарды түсіністікпен қабылдауға шақырады.
Дереккөз: Inalmaty.kz