Синоптиктер 3 шілде, жұма күні Астана, Алматы және Шымкентте қандай ауа райы болатынын айтты. Болжам OpenWeather порталында жарияланды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Бүгін Алматыда қалыпты жаңбыр күтіледі. Күндіз ауа температурасы +20 градусқа дейін көтеріледі, ал түнде +17 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 2,1 м/с құрайды.
Астана тұрғындарына аздаған жаңбыр болжанады. Күндіз ауа +23 градусқа дейін жылынады, түнде температура +15 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 9,1 м/с.
Шымкентте бүгін ашық аспан, жауын-шашынсыз күтіледі. Күндіз термометр бағандары +32 градусқа дейін көтеріледі, түнде +18 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 5,4 м/с деңгейінде болады.
Дереккөз: Nur.kz