...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматы метросында электросамокаттар мен велосипедтерді тасымалдауға тыйым салынды

Алматы метрополитенінде көлік құралдарын тасымалдаудың жаңа ережелері күшіне енді. Шектеулер жолаушылар мен метро қызметкерлерінің қауіпсіздігін арттыру, сондай-ақ көліктік және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізілді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Енді жолаушыларға мыналарды тасымалдауға тыйым салынады: электровелосипедтер; электросамокаттар; велосипедтер (балалар велосипедтерінен басқа); скейтбордтар; моноциклдер және басқа да осыған ұқсас жүріс құралдары. Сонымен қатар, жаңа ережелер балалар және мүгедектер арбаларына, сондай-ақ қаптамадағы бүктемелі электрлік емес жүріс құралдарына қолданылмайды.

Дереккөз: Inalmaty.kz