Air Astana әуекомпаниясының Алматыдан Астанаға бет алған ұшағы елорда әуежайына қона алмай, кері қайтты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Әуекомпанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл Алматы — Астана бағытындағы KC 641 рейсі.
— Астана мен Қарағандыдағы қолайсыз метеожағдайларға байланысты экипаж қону жасамай, Алматыға қайта оралу туралы шешім қабылдады, — делінген хабарламада.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстанның көп бөлігінде дауылды ескерту жариялаған еді.
Еске салайық, Алматы — Шымкент рейсінің жолаушылары ауа райының күрт нашарлауынан қатты турбуленттілікке тап болған. SCAT әуекомпаниясының ұшағы Шымкентке қона алмай, Тараздағы балама әуеайлаққа бағытталған.
Дереккөз: Inform.kz