Алматы мен Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтілуде, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
«Қазгидромет» РМК сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – бұл ауаның жер бетіндегі қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ кезінде қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе автокөлік жолдарының немесе басқа да ластану көздерінің жанында болу уақытын қысқарту ұсынылады. Өкпенің созылмалы ауруларымен, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулармен ауыратын адамдарға ашық ауада жүргенде қажетті дәрі-дәрмектерді өзімен бірге алып жүру керек.
2026 жылғы 6 тамызда Ақтөбе мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжамданған.
Дереккөз: Zakon.kz
