...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда жеңіл көлік тұрған жүк көлігіне соғылды

Алматыда жеңіл көлік жол жиегіне тұрған жүк көлігіне соғылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Әкімшілік полиция кезекші бөлімінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бүгін, 7 тамызда, таңғы 04:50-де Алатау ауданында болған.

— Hyundai Sonata көлігінің жүргізушісі Саина көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Райымбек батыр даңғылынан солтүстікке қарай, жолдың шығыс жағында тұрған жүк көлігіне соқтығысқан, — деп хабарлады Алматы полиция департаментінде.

Апат салдарынан жүргізуші мен оның жолаушы әйелі дене жарақатын алған. Екеуі де ауруханаға жеткізілді.

Полицияда жүк көлігінің жүргізушісі соқтығысу кезінде көлік салонында болмағанын нақтылады.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде жүргізуші рульде ұйықтап кетіп, соққыдан оянған деген ақпарат тараған. Алматы полициясы бұл ақпаратты ресми түрде растамады. Онда жол-көлік оқиғасының мән-жайы мен себептері анықталып жатқанын атап өтті.

Бұған дейін ҚР Көлік министрлігі республикалық трассалардағы апаттардың 91%-ы ЖҚЕ бұзушылықтарынан болатынын мәлімдеген.

Дереккөз: Inform.kz