...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматы мектептерінде Қожа Ахмет Яссауи мұрасы зерттелуде

Алматы мектептерінде Қожа Ахмет Яссауи мұрасын зерттейтін факультативтер енгізілді. Оқушылар ойшылдың өмірі, әдеби мұрасы және түркі тілдес әлемнің рухани-мәдени дамуындағы рөлін зерделейді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Жаңа формат өз тиімділігін көрсетіп, оны бүкіл елге тарату ұсынылып отыр. Бұл бастама ғылыми конференцияда айтылды. Конференцияға отандық және шетелдік ғалымдар қатысып, жас ұрпақты тәрбиелеудің заманауи тәсілдеріне арналған 100-ге жуық ғылыми жұмыс ұсынылды.

«Бұл конференцияда ұсынылған баяндамалар, пікірталастар мен ғылыми тұжырымдар еліміздің білім беру, ғылым, сондай-ақ рухани-адамгершілік тәрбиесінің дамуына елеулі үлес қосады деп есептеймін», — деді Қожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназиясының директоры Багила Әшімбаева.

«Халықаралық ғылыми конференция төртінші рет өткізіліп отыр. Оның басты мақсаты — Қожа Ахмет Яссауи мұрасын зерттеу арқылы жас ұрпақтың рухани құндылықтарын қалыптастыру. Қатысушылар осы бағытты дамытуға бағытталған өз ұсыныстары мен ғылыми әзірлемелерін ұсынды», — деп атап өтті тарих пәнінің мұғалімі Гүлжан Рашева.

Дереккөз: Almaty.tv