...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматы маңындағы таудан табылған мәйіт 19 жыл бұрын жоғалған альпинистке тиесілі болып шықты

Алматыға жақын таудан табылған ер адам 19 жыл бұрын із-түзсіз жоғалған альпинист болып шықты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Бұған дейін шетелдік туристер Алматы облысының Талғар ауданынан белгісіз адамның мәйітін тапқан. Ол Северцев мұздығы маңында теңіз деңгейінен шамамен 3400 метр биіктікте ұзақ уақыт жатқан. Туристер бұл туралы дереу ҚР ТЖМ-не хабарлаған.

Жұмыстарды жүргізу үшін ҚР ТЖМ құтқарушылары табылған жерге келіп, мәйітті қиын жететін таулы аймақтан эвакуациялады. Оны жеткізу үшін «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы жұмылдырылды.

Табылған жайт туралы әлеуметтік желілерде Алматы тұрғыны Анастасия Ахметова хабарлап, табылған альпинисттің жабдықтарының фотосуреттерін жариялады. Бірнеше сағаттан кейін жарияланым авторына Нелля Михеева — жоғалған альпинисттің болжамды қызы хабарласты. Ол фотосуреттерден әкесінің рюкзагын таныды. Қыздың айтуынша, оның әкесі 2007 жылы жоғалған.

— 19 жыл өткен соң әкемнің сүйегі табылды. Таңертең құрбым рюкзактың фотосы бар жазбаны жіберді, ол біздікіне өте ұқсас еді. Кейін сол жазбаны күйеуім де жіберді. Мен ТЖМ-ге хабарластым, маған мәйітті түсірген құтқарушының телефонын берді, сондай-ақ тергеушінің телефонын берді. Ол барлық фотосуреттер мен құжаттарды жіберуді сұрады. Кейін қоңырау шалып, рюкзактан әкемнің атына куәлік табылғанын айтты, — деді қыз.

Осылайша, қайтыс болған адамның жеке басын сол күні растау мүмкін болды.

Бұған дейін құтқарушылар Алматы тауларындағы ең қауіпті маршруттарды атаған болатын.